Төлем ақыны төлеу қолма-қол немесе екінші деңгейлі банк арқылы (АҚ «Қазақстан Халық Банк») жүргізіледі
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК
КЕЛІСІМ – ШАРТ
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы «Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысаны»негізінде білім беру құқығына АА сериялы №0010027 мемлекеттік лицензия алған «Жетісай жоғары медицина колледжі» ШЖҚ МКК директоры: _Токбергенов Музурафша Лауин   , бұдан әрі «Білім беру ұйымы» бір жағынан және бұдан әрі «білім алушы» деп аталатын
 
_____________________________________________________________________ екінші жақтан, немесе_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))(құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
 
негізінде және азамат (ша)_______________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
 
мүддесі үшін әрекет етуші ________________________________________________________________________________________________________атынан,
                                                               (заңды тұлғасы басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
 
бұдан әрі «тапсырыс беруші» деп аталатын ________________________________________________________________________________________________
 (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
екінші жақтан төмендегілер туралы осы шартты жасады.
 
  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
  2. Тапсырыс беруші тапсырады және төлейді, ал білім беру ұйымы білім алушыға қорытынды аттестаттаудан өтуі және білім беру қызметтерін толық өтеу арқылы оған Мейіргер ісі мамандығы Жалпы практикадағы мейіргер біліктілігін және білім туралы құжатты беру арқылы Қазақстан Республикасының білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес келетін мамандық бойынша, білім алу нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру және білім алушының білім беру қызметтерін алу бойынша өз міндетіне алады.
 
  1. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
  2. Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) конкурс қорытындысы бойынша (немесе басқа білім беру ұйымынан ауысу арқылы, академиялық қарыздарын өтеген жағдайда) ол немесе тапсырыс беруші (өкілі) білім беру ұйымының жылдық төлем сомасынан  30% мөлшерінде төлемді беру жағдайында білім беру ұйымының білім алушылар қатарына қабылдау;
2) осы шартты жасау кезінде білім алушыны білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясымен, білім беру ұйымының ішкі қабылдау тәртібін реттейтін тәртіп ережелерімен және білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттармен таныстыру;
3) білім алушыны «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес даярлауды қамтамасыз ету; 
4) білім алушының оқу жүктемесінің көлемін және сабақ кестесін қолданыстағы нормативтерге сәйкес үзілістермен анықтау, білім алушының салауатты, қауіпсіз оқу жағдайын жасау;
5) білім беру ұйымдары кітапхана қорының ақпараттық қорларына, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қол жеткізуді және оларды пайдалануды қамтамасыз ету;
6) білім алушыға оқу бағдарламалары шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім беру ұйымының басшысы бекіткен жекелеген ережелермен қаралған тәртіпте және жағдайларда компьютерлік техниканы пайдалану мүмкіндігін беру; 
7) білім беру ұйымының оқу жоспарына сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру; 
8) білім алушыны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген тәртіпте оның өтініші негізінде білім алушылар қатарына қайта қабылдау және оқудан шығару; 
9) білім алушыны бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе бір оқу нысанынан екіншісіне, сондай-ақ басқа білім беру ұйымына «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары) бекітілген тәртіпте ауыстыру; 
10) шартты бұзған кезде білім алушы барлық оқу мерзіміне алдын ала ақы төлеген жағдайда, төленген ақшасын ағымдағы оқу кезеңіндегі шығыстарды алып тастау арқылы, оған бұйрық шыққан сәттен бастап қайтарып беру; 
11) білім алушыны оның келісімінсіз және оқу үдерісіне зиян тигізетін қоғамдық және басқа да тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеу; 
12) білім алушыға білім беру ұйымының ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларға ерікті түрде қатысуға мүмкіндік беру; 
13) толық оқу курсын ойдағыдай аяқтаған соң және қорытынды аттестаттаудан өту нәтижелері бойынша білім алушыға Жалпы практикадағы мейіргер біліктілігін беріп, білім туралы құжатты табыстау;
14) оқу орны таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда білім алушыға басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін білім алушыларды ауыстыру бойынша шаралар қабылдау. 
 
  1. Білім беру ұйымы:
1) білім алушыдан осы шарт пен білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды, сондай-ақ оқу тәртібін қадағалауды, білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлері мен білім алушыларына дұрыс әрі құрметпен қарауды талап етуге; 
2) оқу тәртібін, осы шарт талаптарын, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін білім алушыларға ықпал ету шараларын қолдануға;
3) білім алушыдан білім беру ұйымының мүліктеріне ұқыпты қарауды, компьютерлік және басқа да техникалармен жұмыс істеу ережелерін қадағалауды талап етуге. Білім алушының әрекеттерінен материалдық залал келген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қарастырылған тәртіппен оны қалпына келтіруге кеткен шығындардың орнын толтыруды талап етуге;
4) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтердегі жетістіктері үшін білім алушыны ынталандыруды және марапаттауды жүзеге асыруға;
5) оқуға төлем жасау тәртібіне қатысты айрықша жағдайларда жеке жеңілдіктер беруді қарастыруға;
6) оқу тәртібін бұзу, білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелерін және білім беру ұйымның Жарғысын бұзу, шарттың міндеттерін орындамауға, басқа білім беру ұйымына ауысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылатын басқа жағдайлардың болуы сияқты себептер шартты бұзуға құқылы.
 
  1. Білім алушы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының толық көлеміндегі білімді, іскерліктерді және практикалық дағдыларды меңгеру, оқу және практикалық сабақтарға қатысу. Осы тармақты білім алушы тарапынан бұзған жағдайда шарт бойынша білім алушының немесе тапсырыс берушінің төлемнен босату үшін негіз бола алмайды.
2) сабақтар жіберген жағдайда, білім беру ұйымында болмаған күннен бастап он күн ішінде жазбаша түрде білім беру ұйымына хабар беру, отбасылық жағдай мен байланыс ақпараттың (тұрғылықты мекен-жайдың, телефон нөмерінің, электрондық поштаның және сол сияқты) ауысуы кезінде білім беру ұйымын хабардар ету;
3) білім алушы амбулаториялық немесе стационарлық емделуде болған кезде растайтын құжаттарын көрсету арқылы білім беру ұйымын хабардар ету;
4) білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және осы шарт талаптарын қадағалау және орындау;
5) білім беру ұйымының мүліктеріне ұқыпты қарау және оны тиімді пайдалану, білім алу және жатақханада тұру үшін қалыпты жағдай жасауға қатысу;
6) білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлеріне және білім алушыларына құрмет көрсету және сыпайы қатынас жасау; 
7) білім беру ұйымы талап еткен киім үлгісіне сәйкес біріңғай киіну;
8) жанұялық ахуалы, мекен – жайы, телефоны өзгерген жағдайда 3 күн ішінде білім беру ұйымына хабар беру;
 
 
 
  1. Білім алушы:
1) ауыстыру және қайта қабылдау қағидарымен бекіткен тәртіпте білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бір оқу нысанынан екіншісіне, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір мамандықтан басқа мамандыққа, сондай-ақ ақылы оқудан мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға ауысуға; 
2) барлық оқу мерзімі үшін оқу төлемін алдын ала төлеуге;
3) оқу төлемін сатылап төлеуге, бұл жағдайда төлем мөлшері еңбекке төлем жасау шығыстары мен инфляция индексі ұлғайған жағдайда тараптардың келісімі бойынша жылына бір реттен аспай өзгеруі мүмкін;
4) қосымша ақыға мемлекеттік стандарттардан тыс қосымша білім беру қызметін алуға;
5) кітапханалар мен оқу залдары базаларында оқулық, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қол жеткізіп, пайдалануға;
6) студенттік өзін-өзі басқару органдарына қатысуға;
7) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен білім беру ұйымына қайта қабылдануға құқылы.
  1. Тапсырыс беруші өзіне мынадай міндеттемелер алады (тапсырыстың болғаны кезде):
    1) бекітілген мерзімдер мен мөлшерде көрсетілетін білім беру қызметтері үшін төлемақыны төлеу.
    7. Тапсырыс беруші (тапсырыстың болғаны кезде):
          1) білім алушыдан осы шартқа сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды талап етуге құқылы.
 
  1. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ТӨЛЕУДІҢ МӨЛШЕРІ МЕН ТӘРТІБІ
  2. Білім алу үшін төлемнің мөлшері және мерзімдері теңгеде және жыл сайын білім беру ұйымның басшысымен бекітіледі.
9.2021 – 2022 оқу жылы үшін оқу ақысы (шартты жасау уақыты бойынша) 217,0   теңгені құрайды.
  1. Оқытудың төлем ақысы кестеде көрсетілген:
 

Мамандығы

Біліктілігі

Шифр

Оқу мерзімі

Жылдық төлем ақысы

1 курс

2 курс

3 курс

4 курс

1

Мейіргер ісі

Жалпы практикадағы мейіргер

4S09130103

3 жыл  10 ай

217,0

238,0

286,0

286,0

 
  1. Оқу ақысы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымның басшысының бұйрығымен және еңбекке төлем жасау шығыстары мен инфляция индексі ұлғайған жағдайда, білім беру қызметтеріне деген шығыстарды және жағдайды елеулі түрде өзгертетін нормативтік актілердің жариялануы жағдайында жылына бір реттен артық емес өзгертілуі мүмкін.
  2. Оқу ақысы бірден немесе тоқсанына, айына төлеу арқылы жағдайға сәйкес жүргізіледі.
  3. Кез-келген тарап жағынан шартты бұзу жағдайында оқу ақысын төлеу білім беру ұйымы басшысының бұйрығы шыққаннан кейін тоқталады.
  4. Білім алушының академиялық демалыстан шығуы немесе қайта қабылдануы жағдайында оқу ақысы академиялық демалыстан шығу немесе қайта қабылдау туралы бұйрықтың шығу уақытында қолданыстағы тәртіп пен мөлшерде жүргізіледі.
  5. Өз еркімен оқуды тоқтатқан кезде, яғни білім алушының осы шартты орындауды бір жағынан бас тарту жағдайында оқудан шығару туралы бұйрықтың жариялануы кезінен бастап осы шарт бұзылған деп есептелінеді. Көрсетілген мерзімге дейін оқу ақысы бойынша шарттың міндеттемелері сақталынады.
  6. Білім беру ұйымы төлем ақыға байланысты кей жағдайда жеңілдіктер қарастырады.
 
  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ
  2. Оқу ақысын төлемеген жағдайда білім алушы тиісті сессияға жіберілмейді және қайта оқу курсына қалдырылады. Оқығаны үшін жинақталған қарызы болған жағдайда, қайта курсына шықпаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен талап етіледі.
  3. Білім беру ұйымын бітірген жағдайда төлем ақы төленбесе құжаттар төлем ақыны төлеу өтелгенше берілмейді.
  4. Білім алушының себепсіз сабақ қалдыруы оны оқудан шығаруға негіз болады. Келісім – шарт тоқтатылады.
  5. Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген жауапкершіліктерді мойнына алады.
  6. Тапсырыс беруші мен білім алушының көрсетілген қызметтер үшін қарызды төлеу бойынша жауапкершілігі шартты бұзу жағдайында ортақтасқан болып табылады.
 
  1. ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ТӘРТІБІ
  2. Осы шартты орындау үрдісіне туындаған келіспеушіліктер мен даулар, тікелей тараптардың өзара қолайлы шешімдерге келуі мақсатында шешіледі.
  3. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес шешіледі.
 
  1. ФОРС-МАЖОР
  2. Су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және шартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды. Алайда, егер форс-мажорлық жағдайға тап болған Тарап дәлелдер ұсынса және форс-мажордың басталу сәтінен бастап үш тәуліктен кешіктермей басқа Тарапты хабардар еткен кезде осы ереже күшке енеді.
  3. Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде билік пен басқару органдарының тым болмаса бір Тарап жағынан осы шарттың міндеттемелерін орындауын мүмкіндік жасамайтын актілерді қабылдау болып табылады. 
  4. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың зардаптарының әрекет ету мерзіміне қарай сәйкестей отырып, ауыстырылады.
  5. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ, ТАЛАПТАРЫН ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗУ ТӘРТІБІ
  6. Осы шарт оған тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және толық орындалғанға дейін әрекет етеді. Жаңа шарт жасау кезінде жаңа шарт жасау сәтінде белгіленген талаптар әрекет етеді.
  7. Осы шарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.
  8. Тараптар арасындағы шарттық қатынастардың тоқтау сәті білім беру ұйымы басшысының тиісті бұйрығын шығаруы болып табылады.
  9. Осы шарт екі данада жасалады, мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен жасалады және бір данадан әрбір тарапқа беріледі.
  10. Тараптардың заңды мекен – жайлары мен банктік реквизиттері:
 

«Жетісай жоғары медицина колледжі» ШЖҚ  МКК

Жетісай қаласы. Л.Тоқбергенов көшесі 3

ИИК   KZ546017291000000847

БИК   HSBKKZKX

БИН   020140003566

Код     16

АО «Народный банк Казахстана»

 

Колледж директоры:

Токбергенов М.Л.______________________

 

М.О.                       «___»__________ 20  ж

 ______________________________________________

(білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 

______________________________________________

(білім алушының куәлігінің №, қашан және кіммен берілді)

 

______________________________________________

(білім алушының ЖСН)

 

______________________________________________

(білім алушының мекен – жайы)

 

Білім алушының қолы:  _______________________

 

                               «___»__________ 20     ж

 ___________________________________________

(тапсырыс берушініңатауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

___________________________________________

(Тапсырыстың болғаны кезде)

___________________________________________

(Тапсырыс берушінің тұрғылықты жері немесе мекен - жайы)

___________________________________________

(Тапсырыс берушінің СТН-ы)

___________________________________________

(Тапсырыс берушінің есеп шоты (болған жағдайда))

 

Тапсырыс берушінің қолы_______________М.О

 

                               «___»__________ 20     ж