Мамандықтар сипаттамасы
- 09120100- «Емдеу ісі» мамандығының коды мен мамандық атауы
Біліктілігі: 4S09120101- «Фельдшер»
- 4S09120101- «Емдеу ісі» мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламасын меңгеру түрі: күндізгі.
Мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік білім беру бағдарламасын күндізгі оқу формасында меңгерудің нормативтік мерзімі:
- 4S09120101– «Фельдшер» біліктілігі бойынша бітірушінің кәсіптік қызметінің объектілері әр түрлі жас аралығындағы үлкен адамдар және балалар болып табылады.
- 4S09120101- «Емдеу ісі» мамандығы 4S09120101– «Фельдшер» біліктіліктері бойынша кәсіби қызметтің түрлері:
- ауруханаларда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда (ДА), фельдшерлік-акушерлік пункттерде (ФАП), медициналық - санитариялық алғашқы жәрдем (МСАЖ) орталықтарында емдік - диагностикалық шараларға, әртүрлі жас аралықтарында науқастарға алғашқы медициналық және санитариялық көмек көрсетуге қатысу;- жіті ауруларда және келеңсіз жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету және науқастың жағдайын бағалау;- медициналық мекемелерде санитариялық - гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтау;- эпидемияның шұғыл жағдайында жаппай зақымдану ошағындағы тұрғындарға медициналық көмек көрсету;- науқасты реабилитациялауға және әлеуметтік қорғаныс органдарының, қайырымдылық қызметтерімен бірлесіп интернат үйлеріне, жалғызбастылар хоспистеріне, қарттарға, мүгедектерге және созылмалы аурулары бар науқастарға көмек көрсету және орналастыруды ұйымдастыруға қатысу;- аурулардың алдын - алу және салауатты өмір салтын насихаттау;-алғашқы медициналық - санитариялық ұйымдарда нормативтік құжаттарды рәсімдеу.
| Қабылдаудың білім базасы | Біліктілік атауы, коды | Біліктілік деңгейі бойынша білім беруде оқыту бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі | 
| Негізгі орта білім беру базасында | Орта буын маманы: 0301013 «Фельдшер» | 3 жыл 10 ай | 
| Жалпы орта білім беру базасында | Орта буын маманы: 0301013 «Фельдшер» | 2 жыл 10 ай | 
| Қабылдаудың білім базасы | Біліктілік атауы, коды | Біліктілік деңгейі бойынша білім беруде оқыту бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі |