Колледж тарихы
Жетісай медицина колледжі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 22.07.1991 жылғы № 371 бұйрығына сәйкес, Шымкент медицина училищесінің бөлімшесі ретінде ашылды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 1992 жылғы 21 қаңтардағы № 36 бұйрығымен өз алдына жеке «Жетісай медициналық училищесі» болып қайта құрылды. Училище «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушер ісі» мамандықтары бойынша орта буын медициналық мамандарды дайындады.
Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің 1995 жылғы 8 тамыздағы № 237 бұйрығымен «Жетісай медицина училищесіне» білім беру құқығына БМ сериялы № 0000330 лицензиясы берілді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1995 жылғы 25 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес «Ортопедиялық стоматология» мамандығына оқушылар қабылдады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 1996 жылғы 14 маусымдағы № 282 бұйрығына сәйкес «Жетісай медициналық училищесі» «Жетісай медициналық колледжі» атына ауыстырылды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 25 шілдедегі № 777 бұйрығына сәйкес «Жетісай медициналық колледжіне» «Емдеу ісі», «Акушерлік ісі» , «Стоматология», «Ортопедиялық стоматология», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша орта кәсіптік білімді мамандар дайындау жөнінде білім қызметін жүргізу құқығына БМ сериялы № 0000429 лицензиясы берілді.
Оңтүстік Қазақстан Облысы әкімиятының 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 156 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының «Жетісай медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес «Жетісай медицина колледжі» МКҚК білім беру құқығына АА сериялы № 0010027 шектеусіз мерзімді мемлекеттік лицензия берілді.
2012 жылғы 27 наурызда мемлекеттік лицензияға № 0113489 Қосымша алынды. Қосымша тізбесіне мамандықтың атаулары 2010 жылғы жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес көрсетілген: 0301000 «Емдеу ісі» біліктілігі- фельдшер, акушер, 0302000 «Медбике ісі» біліктілігі- жалпы тәжірибедегі медбике, 0304000 «Стоматология» біліктілігі- дантист мамандықтары енгізілді. Оқыту мерзімі: жалпы орта білім негізінде - 2 жыл 10 ай, негізгі орта білім негізінде - 3 жыл 10 ай.
Білімді де білікті маман, елін, жерін сүйетін, қадірлейтін азамат дайындау үшін медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтау ісінің үздігі Тоқбергенов Лауия Тоқбергенұлы қолледждің іргетасын қалады.
Қазіргі таңда колледж директоры жоғары санатты дәрігер оқытушы Тоқбергенов Мұзурафша Лауин.