Колледждің материалдық - техникалық базасы

Жетісай медициналық колледжінің типтік 4 қабатты № 1 оқу ғимараты, 4 қабатты № 2 оқу ғимараты, 1 қабатты № 3 оқу ғимараты және әскери дайындыққа арналған оқу ғимараты бар. Сонымен қатар, колледждің құзырында 200 адамға арналған мәжіліс залы, асхана, ашық спорт алаңы, жабық спорт алаңы, медициналық бөлме бар.

Ғимараттарының жалпы алаңы —  7251,3 кв.м. Оның ішінде оқу алаңы — 5615,1 кв.м., (1 оқушыға шаққанда 5,6 шаршы метрден келеді). Колледждің жер телімінің көлемі -2357 Га - бұл жасыл оазис, гүлдер, аллея мен оқушыларға арналған скверлер.

Жатақхана колледждің № 2 оқу ғимаратының  3-4 қабатында орналасқан. Жалпы алаңы  1277 шаршы метр; тұрғын алаңы 790,4 шаршы метр. Жатақханада 40 бөлмеде 120 оқушы жатады; әр оқушыға  6,5 шаршы метр. Жатақхана қажетті жұмсақ және қатты бұйымдармен толық жабдықталды. Жатақханада медициналық пункт, тазалық бөлмесі, монша жұмыс істейді.

Сонымен қатар, білім алушылардың оқу өндірістік тәжірибені өткізу мақсатында Жетісай медицина колледжі 17 емдеу алдын- алу мекемелерімен келісім- шартқа  тұрған. Ал, Мақтарал ауданында орналасқан емханалар мен ауруханаларда оқу бөлмелері ашылған.

Салауаттылық өмір салтын нығайту кеңінен тарату мақсатында колледжде салауаттылық бөлме ашылған: тренажорлық зал, спорт зал, тенниске арналған бөлме. Сонымен қатар, ашық спорт алаңы кеңінен қолданылады – волейбол, баскетбол және футболға арналған алаң, турниктер, жүгіру жолағы.

№ 1 оқу ғимаратында 150 адамға арналған асхана қызмет етуде, 

         Колледждің құрамында медициналық пункт оқушыларға қызмет көрсетеді. Медициналық қызметпен айналысу үшін Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің серия ЛП № 0006028 мемлекеттік лицензия берілген.

Жалпы колледжде 70 оқу бөлмелері мен лабораториялар бар, 25 оқу  аудиториясы және 45 тәжірибелік бөлмелер. Клиникаға дейінгі бөлмелер заманауи муляждармен, симуляторлармен және қажетті медициналық аспаптармен МЖМБС –ға  сәйкес жабдықталған. Оқу бөлмелерінің 25-і арнайы пәндерге арналған.

       Колледжде 2 компьютер кабинеті бар.  Компъютерлер Интернет жуйесіне қосылған. Сонымен қатар, екі жаңа технологиялар кабинеті (интерактивтік тақтасымен)- биология, химия кабинеті, 3 симуляциялық орталық қызмет етуде.       

    Кітапхана қоры —  38245, оның ішінде оқулықтар —   30289 дана, әдістемелік жинақтар —  1145 дана, электронды оқулықтар – 124 дана, жалпы білім беру оқулықтары-2358 дана, әдеби кітаптар-5607 дана. Кітапханаға арналған «КАБИС- автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе»  бағдарламасы енгізілген.