БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БӨЛІМІ

Image




Досмурзаева Гулжан Егизбайкызы
«Біліктілікті  арттыру бөлімінің» меңгерушісі

2014 жылы «Астана Медицина Университетін» АҚ «Медбике ісінің академиялық бакалавры» мамандығы бойынша бітірдім.

2014-2016 жылдары «Астана қаласы әкімдігінің медициналық колледжінде» ШЖҚ МКК «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы қызметін атқардым.

2021 жылдан бастап «Жетісай жоғары медицина колледжіне» ШЖҚ МКК «Реабилитациядағы мейіргер ісі», «Үй жағдайындағы мейіргерлік күтім» пәндерінің оқытушысы қызметіне тағайындалдым.

2023 жылдың 1 наурызынан  бастап «Орта буын медициналық қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарудамын.

Марапаттары:

Алғыс хат. Атырау жоғары медицина колледжінің «Инсульттен кейінгі өмір» атты студенттер арасындағы өткен республикалық бейнеролик сайысына белсене қатысып, жетекшілік еткені үшін. 2023ж.

Image





Байбосынова  Кулсара Абжаловна

 «Біліктілікті арттыру бөлімінің» әдіскері

1997 жылы «Жетісай медициналық колледжінде» «Мейірбике ісі» мамандығын бітірдім.

2010 жылы «Жетісай медициналық колледжіне» зертханашы қызметіне тағайындалдым.

2016 жылы «Шымкент Университетін» «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірдім.

2021 жылдан бастап «Біліктілікті арттыру бөлімінің» әдіскері қызметін атқарудамын.

Марапаттары:

«Мадақтама грамотасы» 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай -«Жетісай медициналық колледжі»-2018 жыл.

«Алғыс хат» -2018ж. Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы