Бөлім меңгерушілері

1990 жылы Шымкент қаласында Облыстық босану үйінде дәрігер –интерн,
1990-1995жылы№1Қалалық клиникалық аурухана Алматы қаласында, дәрігер акушер-гинеколог,
1995 -2006 жылдары Жетісай медициналық колледжі дәрігер – оқытушы,
2006-2007 жылдары Жетысай медициналық колледжінің- «Біліктілікті арттыру бөлімінің» меңгерушісі,
2007-2019 жылдары - Ғылым , жаңа технологиялар және ақпараттар бойынша директор орынбасары,
2019-2022жылдары Жетісай жоғары медицина колледжінің-Сапа менеджмент маманы,
2022 жылының қантар айынан бастап Жетісай жоғары медицина колледжінің - Оқу бөлімінің меңгерушісі,
«Акушерия және гинекология», «Репродуктивті денсаулық және қауіпсіз ана» пәндерінің оқытушысы, біліктілігі – зерттеуші.
Марапаттары:
- ОҚО Мақтарал аудандық мәслихаты ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына Алғыс хат, 2011 жыл
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкерлері күніне орай Алғыс хат, 2014 жыл
- ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы Құрмет грамотасы, 2014 жыл
-
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкерлрі күніне орай Алғыс хат 2014жыл,
-
ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы Құрмет грамотасы 2014жыл
-
Орден – «Елеулі еңбегі үшін» «Ұстаз жолы» қоғамдық қоры, 12. 05. 2016ж.
-
Грамота – Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы, Шымкент қаласы, 2017ж.
-
Алғыс хат – ОҚО Мақтарал аудан әкімі , Жетісай қаласы, 2017ж.
-
Құрмет грамотасы – Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасы, Түркістан , 2020ж.
-
Көптеген біліктілігін арттыру курстарынан өткен , сонын ішінде халықаралық біліктілікті арттыру курстары : Литва 15- 25 қазан 2014жыл / Республика Литва ,JAMK University of Applied Sciences(Финляндия), Ұлттықмедициналықбілім беру орталығы Астана қаласы, Алматы қаласы ҚР «ҚазҮББМУ» АҚ, Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы ,Алматы және де басқалар .
Жоғары дәрежелі дәрігер-оқытушы.
Колледж әдіскері – Жаутикова Галия Садыковна
1997жылы Ташкент педиатрия медицина институтын тәмамдап, «дәрігер педиатр» біліклілігін алған.1997-1998 жылдар Жызах қаласында №1 балалар емханасында интернатурадан өткен. 2000 жылы Жетісай медициналық колледжіне «Қалыпты анатомия» пәнінің оқытушысы болып қабылданған. 2002-2005 жылдар аралығында «Мейірбике ісі» бөлімінің меңгерушісі, 2005 жылдан бүгінгі таңға дейін колледж әдіскері болып жұмыс істейді.
Марапаттары:
- ОҚО Мақтарал аудандық мәслихаты ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына Алғыс хат, 2011 жыл
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкерлері күніне орай Алғыс хат, 2014 жыл
- ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы Құрмет грамотасы, 2014 жыл
- ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ , ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы, 2022ж
- ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, АЛҒЫС ХАТ- ЮКО Департамент здравоохранения, Түркістан 2020ж, 2022ж.
- ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, АЛҒЫС ХАТ- ЮКО Департамент здравоохранения, Шымкент 2017ж
- Алғыс хат. Түркістан облысы, Жетісай ауданы 2021ж
Комеков Женисбай Махметжанович
Бөлім меңгерушісі
1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының «Медико-профилактикалық» мамандығы бойынша бітірдім.
1995 жылы Жетісай медициналық училищесіне «Жұқпалы аурулар» пәнінің оқытушысы қызметіне қабылдандым.
1997-2000 жылдары Жетісай медициналық колледжі «Мейіргер ісі» меңгеруші қызметін,ал2000-2001 жылдары практика ісі жөніндегі орынбасары сосын 2001жылдан бастап «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі ,2019-2020 жылдары оқу ісі жөніндегі директор орынбасары қызметін, 2020 жылдан бастап «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі қазір атқарудамын.
Марапаттары:
Алтын дәрігер» төс белгісі Ұлттық медициналық ассоциация. 2015
«Құрмет грамотасы»-2017ж. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2017 жыл.
Еліміздің экономикасы мен денсаулық сақтау саласын дамытуға , жаңа заманауи техникалық жүйені жетік меңгеріп, медициналық ғылыми озық тәжірибелерді насихаттау грамотасы 2019 жыл.
«Құрмет грамотасы». Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы 2020 жыл.
«Алғыс хат» ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Министр –А.Цой 2021 жыл
Оқытушы Дәрігер сарапшы

Сәтбаев Қазбек Сауытұлы
Бөлім меңгерушісі.
1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының «Стомотология» мамандығы бойынша бітірдім.
1995 жылы Жетісай медициналық училищесіне «Арнайы пәндер» пәнінің оқытушысы қызметіне қабылдандым.
2000-2001 жылдары Жетісай медициналық колледжі «Емдеу ісі» бөлімінің меңгеруші қызметін,ал 2001-2002 жылдары «Біліктілікті арттыру» бөлімінің меңгерушісі, 2002-2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарудамын.
Жетістіктері мен марапаттары:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі 20 жыл мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, Ф.Найтингейл медалінің лауреаты М.П.Смирнова-Кухарскаяның 90 жылдығына арналған « Мейірбикелік іс – қамқорлық пен адамгершілік таныту өнері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына халықаралық қатысуымен қатысқаны үшін сертификат табыс етілді. Көкшетау 2011ж
2. 2015ж «Алғыс хат» , медицина қызметкерлері күні мерекесімен құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. Мақтарал ауданы әкімі.
3.2016ж «Алғыс хат» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай алғыс хатпен марапатталды.Мақтарал ауданы әкімі.
4.2016 ж . «Құрмет грамотасы» Оңтүстік Қазақстан обылысы денсаулық сақтау басқармасы
5.2016ж , « Елеулі еңбегі үшін» ордені, білім беру саласының жүйесін жетілдіру жолында қосқан үздік қызметі үшін марапатталдым. Берілген күні 12.05.2016ж № 0152
- 2017ж , «Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық филиалы «Алғыс хат»
- 2019ж Грамота «Ұлт ұстазы » Республикалық ғылыми-әдістемелік, шығармашылық журналы. «Үздік педагогикалық мақала» республикалық «Жаңа әдіс- тәсілдердің тиімділігі» тақырыбы бойынша озық тәжірбиелер мен ғылыми шығармашылық жұмысын насихаттауға қосқан үлесі үшін қаңтар 2019ж № 15945-ж тіркеу №04110
- 2019ж Грамота «Денсаулық» республикалық ғылыми –зерттеу әдістемелік, медициналық журналы « Тіс жегі» тақырыбы бойынша медициналық ғылыми озық тәжірбиелерді насихаттап, дамуына үлес қосқаны үшін. № 15945-ж № 00071
9.2021ж , «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы, «Алғыс хат» Түркістан қаласы.
- 2023ж Алғыс хат «Парасатты педагог» Халықаралық «Өрлеу өркендеу» ғылыми ақпараттық танымдық журналы Астана қаласы 2023
11.2023ж Диплом 1-орын «Үздік педагог» Халықаралық «Өрлеу өркендеу» ғылыми ақпараттық танымдық журналы Астана қаласы 2023 ж
- 2023ж «Құрмет грамотасы» Түркістан обылысы денсаулық сақтау басқармасы. 2023ж
- Республикалық ғылыми-ақпараттық танымдық тәрбиелік «Жарқын» журналына ғылыми-танымдық материал жариялағаны үшін сертификат табысталды. Алматы қ, 2024ж
- Халықаралық «Өрлеу-өркендеу ғылыми-ақпараттық, танымдық -тәрбиелік журналына ғылыми-танымдық материал жариялағаны үшін сертификат табысталды. 2024ж
- «ОZAT.KZ» Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелікжурналына ғылыми-педагогикалық мақала жариялағаны үшін сертификат және алғыс хат табысталды. Қызылорда қ, 2024ж
- « АMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы «Алғыс хат» , 2025ж
Бөлім студенттерінің жетістіктері:
Бөлім студенттері аудан, облыс және республика көлеміндегі іс-шаралар мен байқауларға белсене қатысып, бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізді.
Оқу орны білім беру сапасын арттыру, кәсіби бағдар беру және студенттердің практикалық дағдыларын дамыту бағытында белсенді жұмыстар жүргізді.
- «Үздік студент» атты студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасына белсене қатысып , І дәрежелі дипломмен марапатталды: Оразходжа Гүлзира, Курбанова Анора, Товошарова Амина марапатталды.
- Республикалық «Мыңбұлақ» білімділер сайтының ұйымдастыруымен өткен «Білім олимпиадасы» атты Республикалық пәндік байқауында «ағылшын тілі» пәні бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін Жураева Хамида,Тухтамишева Гузаль, Курбанова Анора І дәрежелі дипломмен марапатталды.
- Республикалық «Мыңбұлақ» білімділер сайтының ұйымдастыруымен өткен»Білім олимпиадасы» атты Республикалық пәндік байқауында «орыс тілі» пәні бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін Фейзуллаева Нармина, Балабек Айнұр, Алпамыс Ұлбосын, Джурабек Ғазиза, Исраил Сая, Тухтамишева Гузель І дәрежелі дипломмен марапатталды.
- «Көкжиек» Республикалық білімділер сайты 514-бұйрық негізінде
« Менің Отаным – Қазақстан» байқауында «Эссе» номинациясы бойынша І дәрежелі Товошарова Амина марапатталды
- «Көкжиек» Республикалық білімділер сайты 514-бұйрық негізінде
« Менің Отаным – Қазақстан» байқауында «Бояулар құпиясы» номинациясы бойынша І дәрежелі Қанай Жансая, Каршиева Шарифабану марапатталды
6.«Оценка общественного мнения об удовлетворенности населения медицинской помощью в Республике Казахстан» за активное участие вручен сертификат Адамбек Гүлзат, 2024г
- «Емдеу ісі» мамандығы бойынша ситуациялық есептерді шешу негізіндегі «Шұғыл көмек» атты Республикалық бейнероликтер байқауы бойынша команда «Шипагер»: Халмуминов Жахонгир, Абдихалик Қуаныш, Қадыр Ерсұлтан, Шындалы Өмірбек І дәрежелі дипломмен марапатталды.
- Республикалық «ГИППОКРАТ» олимпиадасынан ІІІ орын алғаны үшін Бердыбекова Назерке марапатталды
- Колледж студенттері арасындағы өткізілген «Үздік фельдшер – 2025» байқауында кәсіби шеберлігі үшін Мухожан Нұрасыл, Халмуминов Жахонгир І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Колледжде 2025 жылы Наурыз мейрамы аясында «Бауырсақ-Fest» акциясы ұйымдастырылды. Бұл шарада студенттерді ұлттық дәстүрлерге баулу және мәдени құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткізілді. «Бауырсақ-Fest» акциясы бойынша бөлім студенттері белсене қатысып, жүлделі орынға ие болды.
Жетісай жоғары медицина колледжі 2024-2025 оқу жылында білім беру сапасын арттыру, студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарды.Оқу орнының жетістіктері мен іс-шаралары білім алушылардың жан-жақты дамуына ықпал етті.
Көпжасар Нұрхан Әбдіразақұлы
Бөлім меңгерушісі
Білімі Жоғары: 2010-2014 жж Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті. Мамандығы: 5B 070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету».
Ғылыми дәрежесі: Магистр. 2015-2017 жж «Сырдария» университеті
6M 011100 – «Информатика»
Тілді білуі: қазақ – ана тілім,
орыс - еркін,
ағылшын тілі - сөздік бойынша
Жұмыс тәжірибесі:
2013-2014 жж Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, компьютерлік басқару жүйесінде қызмет көрсету орталығында оператор.
2015-2017жж «Сырдария» университеті, компьютерлік орталықта оператор.
2017-2019жж Жеке кәсіпкерлікте оператор .
Компьютерді игеру: MS Office 2003-2007-2010-2013, бағдарламаны қайта орнату, Pascal, Delphi тілі, С/С++ программалау тілі, барлық компьютерде еркін жұмыс жасаймын, lego mindstorms education ev3 роботы жұмыс еркін жасаймын
Пашимова Индира Пернебекқызы
Бөлім меңгерушісі
Пашимова Индира Пернебекқызы 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Атакент қалашығында дүние келген.2012-2013 жыл аралығында В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінің түлегі.2013-2017 жыл аралығында «Оңтүстік Қазақстан медицина» академиясында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша академиялық бакалвр мамандығы бойынша білім алды. 2017-2019 жыл аралығыда «Оңтүстік Қазақстан медицина» академиясында магистратурада ғылыми-педагогикалық бағытта білім алып, медицина ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді.2019 жылдың қыркүйек айынан бастап «Жетісай жоғары медицина» колледжіне жұмысқа қабылданып, «№2 Арнайы пәндер» кафедрасының мүшесі болып клиникалық пәндер бойынша сабақ берген. 2021 жылдың ақпан айынан бастап мейіргер ісі мамандығы бойынша «Қолданбалы бакалавр» бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Пашимова Индира Пернебекқызы I Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер форумы аясында ұйымдастырылған «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» ғылыми-тәжірибелік конференциясында 3 орын алғаны үшін марапатталды III дәрежелі дипломмен, Шымкент қаласы 2023 жыл.
2025 жылдың қаңтар айында колледж ішілік «Үздік оқытушы-2025» байқауына қатысып, бас жүлдені иемденіп жылдың үздік ұстазы Пашимова Индира Пернебекқызы атанып, «Үздік оқытушы-2025» дипломымен марапатталды.
«Қостанай жоғары медицина колледжінің»
ұйымдастыруымен өткізілген «Мейіргер ісіндегі менеджмент»
Республикалық ғылыми-практикалық
Конференциясына қатысып II дәрежелі
Дипломмен марапатталды.Қостанай 2024 ж
Бекназаров Айдар Кудайкулович
Кадрлар бөлімінің меңгерушісі
- Сертификат «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» ағылшын тілінен курстың бастауыш деңгейі бойынша 100 сағат. Жетісай 31.05.2019ж
- Сертификат «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру» 36-сағат. 25.08.2020ж; Тіркеу сериясы –DL, № 21465
- Сертификат «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қашықтықтан оқыту: контентін құрудан бастап оқу процесін ұйымдастыруға дейін» 36-сағат. 27.08.2020ж; Тіркеу сериясы –DL, № 20972
- Сертификат «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. «Педагогтердің IT-құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру»36-сағат . 09.09.2020ж;Тіркеу -IT, № 22372.
- Сертификат«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті» «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу-өндірістік үрдісті ұйымдастыру» 72 сағат 19.02.2021ж Тіркеу №-1629
- Диплом «Үздік педагог» 1-орын Халықаралық өрлеу-өркендеу журналы Астана 2023ж. №-1358
- Диплом «Жас зерттеуші» 1-орын Өстемір Әсел. Жетекші Бекназаров А.Қ Халықаралық өрлеу-өркендеу журналы Астана 2023ж. №-1358
- Сертификат «Педагогика-менің таңдауым» Халықаралық өрлеу-өркендеу журналы Астана 2023ж. №-1368
- Білім беру жүйесін жетілдіру, сапасын арттыру жолында ерен еңбегі үшін
«Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталады.
- «Грамота» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты 02.02.2018ж.
- Түркістан облысы Жетісай ауданы Аудан әкімінің «Алғыс хаты» 2021ж.
- Жетісай ауданының әкімі «Алғыс хаты» 2019ж.
- Жетісай жоғары медицина колледжі «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай «Алғыс хаты» 2019ж.
- «Грамота» Педагогиқалық шеберлік журналы 2023ж. Тіркеу №038(05)
- «Алғыс хат» Педагогикалық шеберлік журналы 2023ж. Тіркеу №А1343/2023
- «Алғыс хат» Парасатты педагог Халықаралық өрлеу-өркендеу журналы Астана 2023ж. №-1378
- Түркістан облысы Жетісай ауданы Аудан әкімінің «Ұстаздар күні» мерекесіне «Алғыс хаты» 2023ж.
Ятаев Жанарыс Балабекович
Дене шынықтыру және спорт әдістемелік бірлестігінің төрағасы
2010 жылы «Сырдария» университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бітірген. Жетісай медицина колледжінде 2010 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.
Марапаттары:
- Жетісай қаласы әкімінің Алғыс хаты, 2011 жыл
- «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері
кәсіподағы» Құрмет грамотасы, 2014 жыл
Алтореев Нурлан Жиенбекович
Бас есепші
Білімі – жоғары, экономикалық.
Жетісай медицина колледжінде 2003 жылдан бері қызмет атқарып келеді






