Колледждің оқу - өндірістік жұмысы
Жетісай медицина колледжі орта буын медицина қызметкерін дайындайтын оқу орнының бірі.
Жоғары сапалы медициналық көмек көрсету бастапқы буын жұмысының негізі болып табылады.
Жетісай медицина колледжінің студенттері кәсіби деңгейін жоғарылату және білімін нығайту мақсатында көптеген республикалық , облыстық , аймақтық , тәжірибелік, сайыстарға және конференцияларға белсенді қатысады.
Біздің колледжде тәжірибелік сабақтар оқу корпусында өтеді . Бұл оқу корпусында ғылым мен техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталған коллледжде 47 тәжірибелік кабинеттер соңғы үлгідегі медицина қондырғылары орнатылып , заманауи құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген 2 симуляциялық кабинет, толық жабдықталған
2 зертханалық кабинет ,2 мултимедиялық кабинет ,лингафонды кабинет,манекендермен жабдықталған кабинеттер бар.
Жоғары технологиялық манекендер мен муляждар бар.
Жетісай медицина колледжі Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан емдеу мекемелерімен тығыз қарым қатнаста жұмыс атқарады.Аудандық орталық аурухана, емхана дәрігерлік амбулаториялармен жұмыс жасайды.