Кәсіпкерлікке саяхат
Жетісай ауданы Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде спорттық аяқ киім шығаратын цех жұмыс жасайды. Аталмыш кәсіпорынның жұмысымен, күнделікті тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерімен бірге арнайы шара ұйымдастырылды. Кәсіпкерлік саласына қызығушылық танытатын студенттерге кәсіпорын иесі жұмыстың барысымен толықтай таныстырды. Жастардың сұрақтарына жауап беріп, кәсібін қалай, неден бастағанын айтты. Алдағы жоспарларымен бөлісті.