Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына сәйкес бір жерден бірнеше өнім алу ісі Жетісай ауданында да кеңінен қолға алынған. Бұл бағытта арнайы дайындалған жылыжайлардың да көлемі жыл сайын арта түсуде.
Жылына бірнеше өнім алуды жолға қойған жылыжайлардың бірі – Асықата кентіндегі «Досжан» шаруа қожалығы. 2 гектар аумаққа орналасқан жылыжай ағын суды үнемдеп, өнім көлемін арттыру мақсатында тамшылатып суғару әдісін қолданады. Міне, осындай қиын кәсіптің арқасында табиғи таза өнім өндіріп, жергілікті тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып келе жатқан шаруа қожалығының жұмысымен Жетісай жоғары медицина колледжінің жастары барып танысып қайтты.