15 мамыр - Халықаралық отбасы күні!

15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы халықаралық отбасы күнін атап өтеді.
Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті. Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Мерекеге орай Жетісай жоғары медицина колледжінің барлық топтарында тәрбие сағаты өткізілді. Колледж белсенді жастары атаулы күнге орай видео роликтер дайындап әлеуметтік желілерде жариялануын қамтамасыз етті. Бұқара халық арасында «Отбасы күні» мерекесінің статусын көтеруге өз үлестерін қосу мақсатында студенттер instagram желісіндегі жеке парақшаларында «Отбасы күніне   _  күн  қалды» деген хэштекті белгілеп отырды және осы арқылы көпшілік қауымның назарын аудару көзделді. Жастар өз отбасы мүшелерімен естелік суретке түсіп 15 мамыр -  Халықаралық отбасы күні екенін және қазіргі күнде ең маңызды мерекелер қатарында тұрғанын атап көрсетті.
VKontakte
powered by social2s