ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ
ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

Ортамызда жүрген қарияларымыздың қиын кезеңдерде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше құрметке ие. Олардың есіл еңбектері ескеріліп, бүгінде мемлекет пен қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер мен еріктілер тарапынан мән беріліп, көңіл аударылуда, жан-жақты қамқорлықтар жасалуда.
Қашан да жақсылық жасаудан жалықпайтын Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен Жетісай жоғары медицина колледжінің студенттері «Қарттарым – асыл қазынам» атты іс-шарасын өткізді. «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» аясында ұйымдастырылған шарада жастар Жетісай қаласы Хусаинов көшесі 49 үй тұрғыны, тыл ардагері 1930 жылы туылған Аман Үмбетовтың үй шаруасына көмектесіп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Студенттердің демеушілігімен алынған азық-түлік себеттері мен гигиеналық заттары табыс етілді.
Еліміздің өсіп-өркендеуі мен саяси тұрақтылығы, ұлтаралық бейбітшілігі жолында аянбай еңбек етіп, жастық жігерін, күш-қуатын сарп еткен саялы бәйтеректей болған қариялардың өмір жолдарынан өнегелі әңгімелер тыңдаған жастар өмірлеріне қажетті рухани азық алды.
«Біздің мұндай шараларымыз тек «1 қазан – қарттар күні» қарсаңында ғана емес жыл бойы ұйымдастырылып отырады. Саналы ғұмырларын Отанға арнап, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-әжелерімізді төл мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық тілейміз. Ол кісілердің өмір белестері мен еңбек майданындағы жеңістері, жетістіктері бізге, бізден кейінгі іні-қарындастарымызға өнеге болып қала бермек.
Image
Image
Image
Image
Image
VKontakte
powered by social2s