БІЛІМДІЛЕР АЛАҢЫ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
БІЛІМДІЛЕР АЛАҢЫ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және «Жастар ресурстық орталығы» КММ 10 жыл толуына орай ішкі саясат бөлімі "Жастар ресурстық орталығы" КММ нің ұйымдастыруымен "Білімділер алаңы" интелектуалды ойыны өтті.

Аудан жастары арасында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың интеллектуалды ой-өрісін дамыту, білімге деген құштарлығын арттыра отырып білімнің маңыздылығын бойларына сіңіру мақсатында өткен білімділер сайысына аудан студенттері бақ сынасты. 4 бөлімнен тұратын сайыс бойынша өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, "Кемеңгерліктің 30 жылы" тақырыбында эссе жазды.

Әр турда ұпай саны ең аз қатысушылар ойыннан шығып отырған білім додасында
І орынды колледжіміздің студенттер парламенттінің президенті Асилбек Бибігүл Сарсенбайқызы иеленді. Сонымен қатар сайысқа қатысқан белсенді студенттеріміз Анапия Ұлнұр Қайсарбекқызы мен Құрбанбай Ерболат Шүкірбайұлы орталық директорының алғыс хаттарымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
VKontakte
powered by social2s