ТАРИХ-РУХАНИ ІЗГІЛІККЕ ҮНДЕЙДІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЭССЕ ЖАЗУ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Image
Image
ТАРИХ-РУХАНИ ІЗГІЛІККЕ ҮНДЕЙДІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЭССЕ ЖАЗУ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Д.А.Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай Жетісай ауданы бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар арасында қазақ халқының тарихи-рухани мұрасын, ұлттық құндылықтарын насихаттау, жастарды ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Тарих-рухани ізгілікке үндейді» атты шығармашылық эссе жазу байқауы өткізілді. Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жариялаған байқауға 32 жас қатысып, сайыс нәтижесінде Жетісай жоғары медицина колледжі студенттерінің жұмыстары үздік деп танылды.

Ұлттық тарихи-рухани құндылықтардың бірегейлігін өзіндік ой-толғамымен шебер насихаттай білген 201 "Мейіргер ісі" тобының студенті Асылбек Бибігүлдің еңбегі үздік деп танылып 2 орынды иемденді. Ал, жүлделі 3 орын ІІ емдеу ісі "А" тобының студентті Анапия Ұлнұрға бұйырды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
VKontakte
powered by social2s