16 желтоқсан «Қазақстан тәуелсіздік күні».
Қазақ жастары 1986 жылдың желтоқсаны күндері ондаған жылдар бойы устемдік құрып келген тоталитарлық режимге батыл қарсы тұрды, сөйтіп бұрынғы КСРО кеңістігінде ұлттық-демократиялық қозғалысты дамытуға өлшеусіз ұлес қосты. Оқиға басқа халықтарға қарсы бағытталмаған-ды, бұл елдегі екі кұштін: буыны қаптаған демократия мен ол кезде қылышынан қан тамып тұрған әкімшіл-әміршіл жүйенің тұнғыш қақтығысуы болатын.
Бүгінде Желтоқсан оқиғасын-үстемдік саясатка мойынсұнып,қалғып, қараңғылана бастаған халықты оқыс оятқан озық ойлы оқиға деп бағалаймыз. Ол ел еңсесін езген жоқ, елдігін көтерді, санасынан ұлттық рухы өше бастағандарға саңылау енгізді, ата-бабаның қанымен, жанымен қорғаған қасиетті жерінің құнын арзандатушыларға қатал сабақ болды.Ол жеңіліс емес, жеңіс еді!