Қадыр Мырза Әли — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.
Қадыр Мырза Әли — ұлт ақыны. Қазақ, деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қаптар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қәбілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кендігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын. Ұлы ақын.