СТУДЕНТТЕР ПАРЛАМЕНТІ ТАҒЫ БІР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ!

Түркістан облысында зияткер жастарды біріктіретін жаңа жоба іске қосылды. «AMANAT AQYLMAN» - ораторлық мәдениет пен азаматтық танымды дамыту, толеранттық тәртіпке баулу, жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайту бағытындағы интеллектуалды ойын алаңы. «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының қолдауымен және «Jastar ruhy» жастар қанатымен Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурсық орталығы” КММ ұйымдастыруымен «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойыны өтті. Жиынға Жетісай аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ә.Асауов және Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурсық орталығы” КММ басшысының м.у.а Т.Уалихан қатысушы командаларға сәттілік тілеп ойынды ашып берді. Ойын нәтижесі бойынша: Жетісай жоғары медицина колледжі студенттер парламентінің мүшелерінен құралған “Жігер” командасы ІІ орынды, ал “Дарынды жастар” командасы ІІІ орынды иеленді «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойынында жүлделі орындарға ие болған командаларға алғыс хаттармен қаржылай марапаттар табысталды

Image
Image
Image
VKontakte
powered by social2s