«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Токаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әркайсымыз үшін. Қәзір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 114-тармағын орындау мақсатында әзірленген іс- шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде»тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті. Жетісай аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының»ұйымдастырумен аудандық орталықтандырылған кітапханада, өткен жиынға аудандық әжелер алқасының ауыл округтердегі төрайымдары Г.Керимбаева, Р.Дүйсенбекова, Г.Жусипова,Қ.Тастемирова, облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Ю.Султанов, «Шаңырақ» отбасы клубының төрайымы К.Өмірбай, кітапхана қызметкерлері, Жетісай жоғары медицина колледжініңкітапханашы, ұстаздар мен студент жастары қатысты. Жиынға қатысушылар тіл мәртебесін көтеру, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлін күшейту бойынша пікір алмасты. Іс-шара соңында тақырыпқа сай кітап көрмесі таныстырылды. Егемен еліміздің болашағы- ана тілімізде.