АЛҒЫС АЙТУ ПАРЫЗЫМ.

АЛҒЫС АЙТУ ПАРЫЗЫМ.
Жетісай жоғары медицина колледжінде топ жетекші Тажиева Шарайна Таласқызының бастамасымен 104 Емдеу ісі және 101 Мейіргер ісі топтарының ұйымдастырумен 1 Наурыз – Алғыс айту мерекесіне орай “Алғыс айту парызым” атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
А) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
Ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
Б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан халқы мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейлік негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.
Міндеті:Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
VKontakte
powered by social2s