БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ-БАҚЫТТЫ ҰРПАҚ КЕПІЛІ.

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ-БАҚЫТТЫ ҰРПАҚ КЕПІЛІ.
Жетісай жоғары медицина колледжінде үштіктің яғни ата-анамен ұстаз және оқушы арасындағы байланысты нығайту мақсатында ата - аналар форумы өткізілді. Форумға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, кәмелеттік жасқа толмаған студенттердің ата - аналары қатысты. Форумға қатысушы ата - аналарға колледждің материалдық-техникалық базасы таныстырылды.
Колледж педагог-психологтарымен ата-аналар арасында тренинг өткізілді.
Студент жастардың өз қолымен дайындалған тәттілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде жәрмеңкеден түскен қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен білім алушыларға қаржылай сыйлықтар берілді.
Сөйле, сурет - әлеуметтік тақырыптағы графикалық суреттер көрмесі қойылды. Суретте қоғамның әлеуметтік өзекті мәселелері көрсетілген.
Шара соңында колледжде үздік және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан студенттердің ата - аналарына алғыс хаттар табысталды.
Осындай іс-шараның ұйытқысы болғандар
Оқу ісі жөніндегі директор орынбасары А.Балғабекова
Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Ж.Сраилов
Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы М.Калдыбаев
Колледж педагог-психологтары М.Амирова, Ш.Айдарқұл, Л.Мыңбарханова
Топ жетекшілер.
VKontakte
powered by social2s