Жетісай жоғары медицина колледжі «Мейіргер ісі негіздері» пәнінен Аширбекова Г, Досмурзаева Г, Мақсутова С «Өзіне-өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастарға күтім көрсету принциптері.

Жетісай жоғары медицина колледжі «Мейіргер ісі негіздері» пәнінен Аширбекова Г, Досмурзаева Г, Мақсутова С «Өзіне-өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастарға күтім көрсету принциптері. Ойылудың алдын алу» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Сайыс сабақта қазіргі заман талабына сай интербелсенді Wordwall, Kahoot платформасымен миға шабуыл әдістерін пайдалана отырып,жоғары деңгейде өтті. Сабақтың мақсаты: Өзіне-өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастардың қажеттіліктерін анықтап, мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру, науқастың туысқандарына күтімді жүргізуді уйрету,асқынулардың алдын алу, тері күтімін жүргізу,ойылудың алдын алу.
Студенттерге пациенттердің өмірінің жауапкершілігін түсінуге тұлғалық, кәсіптік қасиеттерін дамытуға мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыруға, сабақтан алған білімдерін өз тәжірибелерінде қолдануға ықпалын тигізеді деп сенеміз.
VKontakte
powered by social2s