«ЖЫР СҰЛТАНЫ – СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМДЫҚ-ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ
Бүгін аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының ұйымдастыруымен Жетісай медициналық колледжінде Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай «Жыр сұлтаны – Сұлтанмахмұт Торайғыров» тақырыбында танымдық-әдеби кеш өткізілді. Әдеби кешке Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі басшысының орынбасары, ақын, лирик Сержан Аташев, аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Лаззат Илимова мен кітапханашы Жадыра Шынтаева, Жетісай медициналық колледжінің кітапханашысы Жамал Қартайғанова мен аталмыш колледждің жастары қатысты. Іс-шараны орталықтың әдіскері Мөлдір Балхашова жүргізіп отырды.
Әдеби кеш барысында аудандық кітапхананың Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолы жайында дайындаған баяндамасы тыңдалып, колледж жастарының ақынның шығармалары туралы дайындаған презентациясы таныстырылды. Сонымен қатар колледж жастары ақынның шығармаларын мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, әдеби кеш барысында Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі басшысының орынбасары, ақын, лирик С.Аташев, Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы екені жайында айтып, барлық қатысушыларды жазушының рухты шығармаларын оқуға шақырды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ мәдениетінде шынымен де өшпес із қалдырған дарынды тұлға. Өзінің қысқа ғұмырында ол ұлт үшін көптеген маңызды жұмыстарды жасады. Ұлт мәдениетінің тарихынан өшпес орын алды. Ақын еркіндік тақырыбын жан-жақты баяндады. Ол өзінің шығармашылығын туған халқына арнады, қазақ өмірін жандандырудың жолдарын іздеді. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің қазынасына енгізілген, әдеби қордан ойып орын алды.
Ұрпаққа берер тағылымы мол, мазмұнды өткен әдеби кеш қатысушылары поэзиямен сусындап, мол рухани азық алды. Кеш соңында іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, өз өнерлерін көрсеткен жастарға күнделік дәптерлер берілді.