Рамазан — Жаратушының мұсылман қауымына тартқан теңдессіз ұлық сыйы.

Рамазан — Жаратушының мұсылман қауымына тартқан теңдессіз ұлық сыйы. Рамазан — жай уақытта жасаған жақсылықтар мен салиқалы амалдар сауабының еселеніп жазылатын құтты айы. Сол себепті осы айда сауап іздеушілер ізгі амалдар жасауда өзара жарысады. Осындай Рамазан айында Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Жетісай Жоғары медицина колледж, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің, «Жанықұл» медициналық колледжінің студенттеріне ауызашар берілді.

Қасиетті Рамазан айының құндылығын насихаттаған рухани кеш барысында ұлттық өнерге де кезек беріліп, жарапазан айтылды. Құран оқылып, ел тыныштығы үшін дұға жасалды. Оқу орындарының студенттері игі іске мұрындық болған орталық қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, тарқасты.
Image
Image
Image
VKontakte
powered by social2s