Жалпы патология пәнінен Ісіктер әлеміне саяхат атты тақырыпта 101 емдеу ісі және 101акушер ісі тобына ашық сабақ өткізілді. Пән окытушысы Жаштаева Сауле Төлепкызы. Сабақ барысында flippiti.net. интерактивті ойын әдісі қолданылды. Қазіргі таңда ісік аурулары жүрек қан тамыр жүйесінің ауруынан кейінгі өлім жағынан екінші орында тұр.Жыл сайын елімізде 36 мыңға жуық адам онкологиялық ауруларға шалдығады. Одан көз жұматындар саны 14 мыңнан астам. Ашық сабақта ісіктің шығу себептері мен даму жолдары, алдын алу шаралары баяндалды. Денеміздің кез келген жерінде бұлтиып пайда болған түйінді көргенде бей жай қарамауымыз керек. Ол үшін әрбір адам ісік туралы жалпы мәліметтерді білген жөн.
Жалпы патология пәнінен Ісіктер әлеміне саяхат атты тақырыпта 101 емдеу ісі және 101акушер ісі тобына ашық сабақ өткізілді.
powered by social2s