«Заманауи білім берудегі педагогикалық озық тәжірибе инновациялық және әдістеме» атты халықаралықғылыми- әдістемелік конференция өткізілді.

«Жетісай жоғары медицина колледжі»
ШЖҚ МКК-да

«Заманауи білім берудегі педагогикалық озық тәжірибе инновациялық және әдістеме» атты халықаралықғылыми- әдістемелік конференция өткізілді.
Конференция өткізудегі мақсат:
1. Өзекті ғылыми- әдістемелік мәселелер бойынша тәжірибелер алмасу, озық тәжірибелер тарату;
2. Медициналық колледждердің болашақ фельдшерлері мен мейіргерлерін оқытудың әр-түрлі әдістерін қолдану және білім мен дағдылардың сапасын бақылау барысында практикалық жұмысқа дайындау тәжірибесімен алмасу;
3. ТМД колледждері оқытушыларының оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы ұтымды бөліктерін енгізудегі тәжірибесімен алмасу;
4. Техникалық- кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы байланыстарды, ынтымақтықты кеңейту;
Конференция аралас форматта өткізілді. Конференцияға Өзбекстан Республикасының «Сырдария медициналық техникумы», «Заамин медициналық техникумы» және «Достық медициналық техникумы» басшылары мен оқытушылары, сонымен бірге медициналық колледждер (Шымкент қ, Сарыағаш қ) және Гуманитарлық- техникалық колледждердің қатысуымен өтті.
Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» әдіскерлеріде қатысты.
Конференция соңында баршаға тиімді іскерлік қарым- қатынас орнатуға жол ашатыны туралы ортақ пікірге келді.
Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image
VKontakte
powered by social2s