Жетісай жоғары медицина колледжі кітапханасында «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында Акция өткізілді.

Жетісай жоғары медицина колледжі кітапханасында «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында Акция өткізілді. Іс шараға арқау болған туынды Жамбул Жабаев (1846-1945)- қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, ХХ ғасырдың Гомері, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Жамбыл Жабаев шығармашылығында адамгершілік, еңбекке тәрбиелеу – басты идеялардың бірі болып табылады. Еңбек тәрбиесінің ең күшті құралы – көркем әдебиет, ол өз кезегінде адам көзқарасының қалыптасуына, іс-әрекетін саналы құруына үлкен әсер етеді. Жамбыл Жабаев пікірінше, тек ұлы еңбек арқылы ғана адамгершілікке баулуға, тұлға қалыптастыруға болады. Акцияның негізгі мақсаты - кітап оқуды насихаттау, оқылған кітаптан қорытынды жасауға үйрету, шығарманы жақсы есте сақтауға және түсінуге көмектесу, сонымен қатар әдебиеттің жаңалықтарына ғана емес, ұзақ уақыт бойы жақсы көретін немесе ұмытылған кітаптарға деген қызығушылықты ояту. Кітап тек білім көзі ғана емес, сонымен бірге өмірдегі дос, кеңесші.

 
VKontakte
powered by social2s