Қылмыс пен Құқықбұзушылықтың алдын-алу

Image
Image
Қылмыс пен Құқықбұзушылықтың алдын-алу

«Жастар және қоғам» тақырыбы бүгінгі таңда маңызды тақырыпқа айналды, себебі өкінішке орай кейбір жастар құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жастарды жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.

Яғни, жастардың арасындағы қылмыстың алдын-алу мақсатында 06.09.2023 күні Жетісай жоғары медицина колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы М.Қалдыбаевпен Жетісай АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Насырбаев «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Шара барысында студенттерге колледждің ішкі тәртіп ережелері, зиянды әдеттердің алдын-алу, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың салдары мен олармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар туралы кеңінен түсіндіріліп, өз кезегінде студенттер тақырыпқа байланысты көкейкесті сұрақтарымен бөлісті.
VKontakte
powered by social2s