ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жүзеге асыру және насихаттау мақсатында колледж ұжымымен кездесу өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Әділхан Асауов және Жетісай аудандық мәслихат депутаттары Қаршыға Ақтөреева және Асқар Қайназаров қатысты.
Филиал төрағасы Әділхан Асауов Жолдаудағы басым бағыттар жөнінде жалпылама түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаңа өзгерістерді атап берді.
Әділхан Асауов ендігі ретте адами капиталды дамыту, саналы ұрпақ тәрбиелеуге назар аудару қажеттігін айтып, өз ойларымен бөлісті.
– Қазір нарық заманы. Әр адам өзін дамытып, бәсекеге қабілетті болса ғана, жетістікке жетеді. Бүгінде кәсіппен айналысуға, саналы ұрпақ тәрбиелеуде барлық мүмкіндік бар. Президент Жолдауының өн бойы экономикалық мәселелерге арналған. Халықтың әл-ауқатын көтеру, барынша халыққа жағдай жасау көзделіп отыр. Ұлт қуатты болса, ұлт сапасын жақсарта алсақ, қоғам орнықты дамиды, – деді Ә.Асауов.
Сондай-ақ, колледж ұжымын Жолдауды жүзеге асыруда бірлесе ұйымшылдық танытуға шақырды.
Image
Image
Image
VKontakte
powered by social2s