ДІН ҰСТАЙ АЛСАҢ - ҚАСИЕТІҢ, ҰСТАЙ АЛМАСАҢ - ҚАСІРЕТІҢ
Діни тұрақтылықты сақтау және Қазақстан қоғам құндылықтарын жастар бойында сіңіру мақсатында Республикалық «РАНТ» мүшесі Дінмұхаммет Смановтың қатысуымен Жетісай жоғары медицина колледжінде кездесу іс-шарасы өткізілді. Жастармен өткен кездесу барысында оларға дін мен дәстүрдің сабақтастығы, имандылық, ата-анасын сыйлау және білім алудың маңыздылығы турасында уағыз-насихаттар айтылды.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушы жастарға дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану, олардың жетегінде еріп кетпеудің жолдары туралы да ақпараттар берілді.