ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАСТАРЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАСТАРЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

Жетісай жоғары медицина колледжінің студенттері уақытша ұстау изоляторымен, криминалистер мен басқа да полиция қызметкерлерінің қызметтік бөлмелерімен танысып, қылмыскерлерді құрықтау кезінде болатын іс-әрекеттер мен қылмыстық кодексте қарастырылған баптар туралы маңызды мағұлматтар алды. Тәртіп сақшылары қамаудағы адамдардың шынайы өмірін көрсетіп, үлкен өмірге аяқ басып келе жатқан жастарды заң бұзбауға шақырды.

Экскурсия соңында жастар полицейлерге әсерлі саяхат сыйлағаны үшін алғыстарын жаудырды. Ал, полицейлер өз кезегінде жастарды тәртіпті болуға шақырып, оқуда озат болуларына тілектестік білдірді.
Показать перевод
 
Image
Image
Image
VKontakte
powered by social2s