Жетісай жоғары медицина колледжі жатақханасына мониторинг жүргізілді
“ЖАҢАРУ” сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ ТО филиалы төрағасы Жетісай ауданының мәслихаты депутаты Алладин Мырзахановтың бастамасымен Жетісай жоғары медицина колледжі жатақханасының жай-күйін бақылау мақсатында студенттік жатақханаға мониторинг жүргізді.
Студенттік жатақханаға мониторинг жүргізудің мақсаты – жаңа оқу жылына ғимараттың дайындығын зерделеу және жатақханалардың санитарлық нормаларға, қауіпсіздік стандарттарға, тұрмыстық жағдайларға (техника және жиһаз) сәйкестігін анықтау. Алдағы уақытта да жатақханалардың жағдайы мониторингтік топтың басты назарында болады.