Оқу әдістемелік жұмыс

Колледж әдіскері – Жаутикова Галия Садыковна

Әдістемелік кабинет

      Әдістемелік кабинет оқытушылардың әдістемелік жұмысын үйлестіру мен ұйымдастыру үшін құрылды.

Әдістемелік қабинет жұмысына әдістемелік пән бірлестігінің төрайым(аға), колледж психологі, оқытушылар және кітапхана меңгерушісі қатысады.

Әдістемелік кабинет жұмысы колледж жарғысы,ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің қолданыстағы заңнамасы,нормативтік құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

Әдістемелік кабинеттің міндеттері

  1. ҚР «Білім» туралы заңын зерделеу, іске асыру.
  2. Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
  3. Оқу жұмыс бағдарламасын Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талабына сай тәсілдеу, коррекциялау, апробациялау;
  4. Білім беру процесінің жаңа түрлерін,тәсілдерін,әдістерін,технологияларын әзірлеу және енгізу,қолданыстағыларды жетілдіру.
  5. Оқытушылардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігін  арттыруды қамтамасыз ету, шығармашылық ойлау қабілеттеғрін дамыту, педагогикалық ұжымның ғылыми әдістемелік мүмкіндіктерін жетілдіру.

 

Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі бағыттары

  1.   Колледжді өркендетудің кешенді мақсатты бағдарламасын, кемелдену      тұжырымдамасын жетілдіру;
  2. Колледждің бірыңғай әдістемлік мәселесі бойынша жұмыс жасау;
  3. Әдістемелік кеңес іс әрекеттерін мазмұндау және ұйымдастыру;
  4. Жас мамандармен жұмыс жасау;
  5. Оқытушылардың біліктілігін және өз бетімен білім алуын арттыру;
  6. Ғылыми педагогикалық конференциялар, семинар, практикумдар  ұйымдастыру және өткізу;
  7. Педагогикалық іс әркеттерді мониторингілеу және диагностикалау, сабақтарға қатысу және талдау, социологиялық және психологиялық сұрастыру жүргізу;
  8. Тақырыптық практикумдар мен семинарлар жүргізуді ұйымдастыру;
  9. Жас мамандардың әдістемелік айларын, декадаларын, әдістемелік жұмыстар және шығармашылық есептер көрмесін ұйымдастыру;
  10. Оқу әдістемелік жинақтар мен оқулықтар құрастыру үшін шығармашылық (авторлық) топ ұйымдастыру;
  11. Жаңа педагогикалық технологиялар, инновациялық жұмыстар, кәсіптік техникалық білім берудің даму бағыттары мен мзмұны туралы ақпараттандырып отыру;
  12. Кабинеттер мен лабораториялар байқауын өткізу;
  13. «Оқу жылының озық ұстазы» атағына конкурс ұйымдастыру;
  14.  Оқушылар арасында ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру;

Жас оқытушылар мектебі

 

Мақсаты – теориялық білімін жетілдіруде және педагогикалық шеберлікті арттыруда оқытушыларға практикалық жәрдем көрсету.                                                                                                                                      

Міндеттері:

  • Жас оқытушылардың үздіксіз білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру және оларға кәсіптік қиындықтарына көмек көрсету;
  • Оқытушылардың шығармашылық қызметінің жеке стилін қалыптастыруға жағдай жасау;
  • Жас оқытушыларға білім беру үдерісіне заманауи тәсілдер мен алдыңғы қатарлы педагогикалық технологияларды енгізуге және ақпараттық әдіснамалық мәдениеті деңгейін арттыруға көмектесу,
  • Тәжірибелі оқытушылардың педагогикалық шеберлігін насихаттау және әдістеме мен педагогика жөніндегі білімін жетілдіруіне көмек көрсету;
  • Жаңадан бастаушы оқытушылардың оқу үдерісіндегі кәсіптік,әдістемелік проблемаларын айқындау және оларды шешуге жәрдемдесу;
  • Халықаралық білім беру технологияларымен таныстыру;
  • Диагностика мен өзіндік диагностиканы жүргізу дағдыларын қалыптастыру
  • Педагогикалық этиканы үйрену;
  • Нормативтік құқықтық құжаттармен таныстыру