Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:
- Қоғамдық тәрбие
- Халықтық тәжірибе мен педагогика – психология ғылымдарының жетістігі негізінде студенттердің диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру;
- жеке тұлғаның ізгілікті қасиеттерін дамыту;
- жастарға егемендік, бостандық, демократия ұғымдарының мәнін ұғындыру;
- әрбір жастың санасына- адам өміріндегі еңбектің ролін,шығармашылық жұмыстың қажеттілігін жете түсіндіру;
- саяси сауат ашуға,әлеуметтік,экономикалық мәселелерге арналған саяси хабарлар, тәрбие сағаттар,кештер ұйымдастыру;
- ішкі істер,заң әділет,сот мекемелерінің қызметкерлерімен кездесулер,дөңгелек үстелдер,диспут, пікір алысулар, т.б. іс-шаралар ұйымдастыру;
- саяси қоғамдық, т.б. заңдарды оқып үйренуге;
- Адамгершілік рухани тәрбие
- жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;
- саяси,экономикалық,әлеуметтік,рухани дағдылар мен байлықтарды бойға сіңіру, құндылықтарды қалыптастыру;
- ұлттық мәдениетке-саналы көзқарасты қалыптастыру;
- студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматы, болашақ маман, келешек отау иесі ретінде тұлғалық моделін жасау, қалыптастыру;
- дінге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру;
- халық тарихын,ұлттық дәстүрін,тілін, мәдениеті мен әдебиетін үйренуді қалыптастырып қазақ театрына бару, ұлттық өнер мен сусындау тәлімін беру жолындағы шараларды ұйымдастыру;
- үздік өнер туындылары,қолөнер шебері, үздік фотомерген және өнер тапқыш сияқты көрмелер ұйымдастыру;
- психология кеңесін ұйымдастыру;
- Салауатты өмір салты
- Техникалық және кәсіптік оқу орнында дене-тәрбиесі пәнін жетілдіру, жаңа әдіс -тәсіл, формаларын ойластыру, оларды нақты іс-жүзінде ендіру;
- әртүрлі спорт түрлерін дамыта отырып( ұлттық спрттық ойын түрлерімен қоса),үйірмелер құру, спорт жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру;
- ұлттық спорт және ойын түрлерімен таныстыру, оның мәнін, ұлттық маңыздылығын ұғындыру, элементтерін үйрету;
- серуен, саяхаттар ұйымдастыру, туризмді дамыту;
- салауатты өмір сүруге даярлау мақсатында әртүрлі формада тәлім-тәрбиелік іс-шаралар өткізу;
- тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі- маскүнемдікке, нашақорлыққа жол бермеуге арналған іс-шараларды кешенді түрде жүргізу;
- Эстетикалық тәрбие
- Білім алушылардың нәр-бойында эстетикалық талғам, көзқарас сезімдерін қалыптастыру;парасатты өзіне жолдас, дос таңдай білу;
- әсемдікті көре,түсіне, жасай білуге, талғампаздыққа үйрету;
- өнер,табиғат, еңбек, өмір саласындағы ең жақсыны ажырата білуге үйрету;
- әуесқой шығармашылық үйірмелері мен бірлестіктерін құру, олардың жүйелі,нәтижелі жұмыс істеуіне жағдайлар жасау;
- мәдени мұра атауын жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік, рухани,құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу;
- медициналық-профилактикалық жұмыстар жүйесін еңгізу;
- әр-түрлі жұқпалы аурулардан алдын-ала студенттерді өзін-өзі сақтандыруға тәрбиелеу;
Экологиялық тәрбие
- Халқымыздың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын,бір тал кессең,он тал ек» - деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, қоршаған ортаны табиғатқа- деген құрмет пен сүйіспеншілікті ояту, табиғатты аялау, күтуді үйрету;
- жер бетіндегі халықтар тағдырының ортақ екендігін, табиғат пен адамның өзара байланыста екендігін, осының негізінде табиғатты, табиғи ресурстарды қорғауға дағдылану қажеттігін ұғындыру;
- экологиялық білім беру және насихаттау;
Ұлттық-рухани және патриоттық тәрбие
- «Сегіз қырлы,бір сырлы», егеменді елдің азаматын тәрбиелеу;
- ұлттық мәдениетті, әдепті жастар арасында қалыптастыру;
- бойжеткен, боз-бала тәрбиесіндегі ерекшеліктердің негізінде тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру;
- ұлттың тарихын, әдебиетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына тартып үйренуге тәрбиелеу;
- ұрпаққа отандық ерліктің өшпес үлгілерін қалдырған батырлары мен Алаштың арыстарының, ұлт зиялыларының өмір өнегесімен таныстыру
- өз отанын, жерін, елін қорғай алатын ел жанды, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;
- «Ер намысы», «Жігіт сұлтаны»- деген тақырыптарда байқаулар өткізу;
- дінтану аясында тәрбиелік мәні бар,іс-шаралар ұйымдастыру;
Құқықтық тәрбие
- Мемлекет заңдарын білу және оған сый құрметпен қарау;
- Қазақстан Республикасының Коституциясын;
- Құқық қорғау органдарының тұжырымдары мен заң ережелерін бұзушылыққа төзбестік білдіруге;
- Азаматтық жауапкершілікті күшейту;
- Заң,сот,полиция,прокуратура өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;