Жастар ісі ұйымы
Қалдыбаев Мейіржан Жолдыбайұлы
Жетісай медицина колледжі жастар ісі
Ұйымының төрағасы
Жетісай медицина колледжіндегі «Жастар ісі ұйымының» жұмыс жоспары «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына негізделген. Тұжырымдаманың мақсаты жастардың ойдағыдай әлеуметтенуіне, олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бейімдеуге бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыру болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді іске асыруды болжайды:
1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету;
2) салауатты өмір салтын қалыптастыру;
3) құқықтық мәдениетті арттыру және жастар бойында мемлекеттіліктің негіз қалаушы құндылықтарына деген құрмет қалыптастыру;
4) жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау;
5) жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;
6) жастарды мәдени құндылықтарға тарту;
7) жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін өздігінен дамытуын ынталандыру;
8) жастар ортасында моральдық-рухани сабақтастықты қамтамасыз ету;
9) мемлекеттік жастар саясатын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
10) жастарды «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға тарту.
Жастар саясатының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында Жетісай медицина колледжіндегі «Жастар ісі ұйымы» бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып өткізді.
«1 қыркүйек – Білім күніне», «30 тамыз – Конституция күніне» арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиында колледж табалдырығын енді ғана аттаған студент жастарға топ жетекшілері және колледж ұжымы, колледж ғимараты таныстырылып, алғашқы дәрістерін бастады.Студенттік үкімет, студенттік кеңес құрамын сайлау мақсатында топ басшылармен топ белсенділері қатысқан жиналыс өткізілді. Жиында «Жастар ісі ұйымының» жылдық жолпары таныстырылды. Сонымен қатар студенттік үкіметтің президентін, орынбасарын, кіші бөлім меңгерушілерін, пікір - сайыс, КТК клубтарының төрағаларын, мәдениет бөлімінің басшысын ашық дауыс беру арқылы сайладық. Өңірде аудандық денсаулық фестивалі өткізілді. Фестивальға оқу орнымыздан 48 студент қатысып белсенділік танытты. Жәнеде валейбол, футбол, қол күрес, арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен жүлделі орындарды иеленді.
Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2014 - 2015 оқу жылына жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу жөнінде іс – шаралар жоспары түзілген болатын. Аталмыш жоспарға сәйкес жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын кеңінен насихаттау мақсатында бірнеше кездесулер, жиналыстар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Күн тәртібінде «Қыз балаларды, оның ішінде жасы кәмелетке толмағандарды үйлену мақсатында алып қашу оқиғалары бойынша түсіндіру жұмыстары. Жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын- алу. «Бақытқа апарар жол» атты деректі фильм тамашалау» секілді мәселелер тұрды.
Ақпан айының 4 күні «Жас Отан» ЖҚ-ның атқарушы хатшысы Бейсенбаев Мұхтар, Мақтарал АІІБ ӘПБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Байменов Ерғали, Жастар ісі ұйымының төрағасы Қалдыбаев Мейіржан мырзалардың қатысумен кездесу жиналысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу және Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылындағы болған тәртіпсіздік жөнінде жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түнгі уақытта жастардың жүріс тұрысын азайту мақсатында сәуір айында АІІБ мен бірге колледж ер мұғалімдерінің қатысуымен түнгі кезекшіліктер ұйымдастырылды.
Жастар арасында діни экстремизм мен терорризмнің, теріс пиғылды діни ағымдар мен секталар насихатының алдын алу мақсатында ақпараттық насихаттық топ құрылып, облыстық дін істері басқармасының басшысымен бекітілген жоспарға сәйкес өз жұмысын жүргізуде. Жергілікті мешіт имамдарымен кездесулер, семинарлар, жиналыстар ұйымдастырып отырдық. Дін мәселесіне қатысты өткізілген іс-шараларда оқу орнымыздың студенттерінің барлығын түгел қамтыдық. Теріс пиғылды діни ағымдардың құрбаны болып жатқан жастардың көпшілігі діни білімдері төмендігінен екендігі белгілі, сондықтан жастардың діни сауаттылығын көтеру біздің басты мақсатымыз болып қала бермек. Топ жетекшілермен тығыз байланыста болып, бес уақыт намаз оқитын, хиджап киімін киетін студенттердің бар – жоғы жөнінде мәліметтеме алып отырдық.
Қазақстан Республикасы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және 2015 – Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылы деп аталуына байланысты мемлекеттік тіл және орыс тілін оқыту бойынша өзге ұлт өкілдерінен топтар ұйымдастырылды. Қазақстан халқы тілдері күніне орай өтетін іс - шаралар жоспары түзіліп бекітілді. Жоспарға сәйкес «Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды» атты Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама, студенттер арасында «Тілім менің» тақырыбында шығарма жазу сайысы, «Тіл - әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Жастар орталығы, Тілдер орталығынан, БАҚ – нан» қонақтар шақырылып жоғары дәрежеде өткізілді.
«Жетісай қаласының 45 жылдығы» мерекесін атап өту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, колледж жастарының шығармашылық деңгейін көтеру, туған жерге деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру мақсатында «Жаса, Жайна, Жетісай!» атты қала күніне арналған әдеби кеш өткізілді. Арнайы қала күніне орай іс-шаралар жоспары құрылып орындалды. Қаламызға сіңірген еңбектері үшін бірнеше колледж қызметкерлері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Жаңа 2015 жылды «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын» өткізу жөніндегі іс – шаралар жоспарын әзірлеп, бекітуден бастадық. «Жастар орталығы» КММ – нің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қаңтар айының 29 күні жоғарғы және арнаулы оқу орындары арасында пікір – талас өткізілді. Сонда колледжімізден қатысқан «Қайраткер, Жас қыран» фракциялары жүлделі І,ІІІ орындарды иеленді. Аудандық БАҚ - да жарияланды.