МКҚК «Жетісай медицина колледжінің»
Педагог-психологы Абаева Алия Еркиновна

Психологиялық қызмет

Психологиялық қызметтің басты мақсаты.

   Колледждегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – даму мен оқу, тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.

   Педагогтар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, болашақ психологиялық-педагогикалық біліктілік дағдысын қалыптастыру.

            Психологиялық қызметтің басты міндеттері:

  • білім беру жүйесінің барлық субъектілеріне қажетті психологиялық көмек беру.
  • студенттің жас ерекшеліктеріне байланысты тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
  • интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
  • оқытушылар мен студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  • оқушылардың танымдық процестерін жетілдіру, жеке түлғаның педагогикалық-психологиялық зерттелуін ұйымдастыру, студенттер арасындағы психологиялық сауал, қарым-қатынасты анықтау.

 

Колледж психологы жауапты:

  • өз зерттеу нәтижесінің дұрыстығына өзі жауап береді.
  • пайдаланылатын әдебиеттер мен әдістердің сәйкестілігіне көңіл бөлу.
  • зерттеу хаттамаларын сақтауы тиіс.
  • өз жұмысын сапалы әрі уақытында орындауға тиіс.

 

   Психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары:

   Психологиялық диагностика –

   Мақсаты: Тұлғаның, педагогикалық ұжымның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін де зерттеу.

Психологиялық профилактика –

   Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.

            Психологиялық түзету және дамыту –

   Мақсаты: Студенттердің психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы біліктілікті дамыту.

Психологиялық кеңес жүргізу, кәсіби кеңес жүргізу –

   Мақсаты: Педагогикалық үдерістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.

Психологиялық білімді көтеру –

   Мақсаты: Педагогикалық үрдістерге қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.

Психологтар ұстамы:

«Жалғаймын деп  үзіп алма, түзеймін деп бұзып алма» дегендей кездесетін әртүрлі ситуациялық проблемаларды шешу жолдарын  жетік білуіміз қажет.