Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

  • Қоғамдық тәрбие
  • Халықтық тәжірибе мен педагогика – психология ғылымдарының жетістігі негізінде студенттердің диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру;
  • жеке тұлғаның ізгілікті қасиеттерін дамыту;
  • жастарға егемендік, бостандық, демократия ұғымдарының мәнін ұғындыру;
  • әрбір жастың санасына- адам өміріндегі еңбектің ролін,шығармашылық жұмыстың қажеттілігін жете түсіндіру;
  • саяси сауат ашуға,әлеуметтік,экономикалық мәселелерге арналған саяси хабарлар, тәрбие сағаттар,кештер ұйымдастыру;
  • ішкі істер,заң әділет,сот мекемелерінің қызметкерлерімен кездесулер,дөңгелек үстелдер,диспут, пікір алысулар, т.б. іс-шаралар ұйымдастыру;
  • саяси қоғамдық, т.б. заңдарды оқып үйренуге;
  • Адамгершілік рухани тәрбие
  • жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;
  • саяси,экономикалық,әлеуметтік,рухани дағдылар мен байлықтарды бойға сіңіру, құндылықтарды қалыптастыру;
  • ұлттық мәдениетке-саналы көзқарасты қалыптастыру;
  • студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматы, болашақ маман, келешек отау иесі ретінде тұлғалық моделін жасау, қалыптастыру;
  • дінге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру;
  • халық тарихын,ұлттық дәстүрін,тілін, мәдениеті мен әдебиетін үйренуді қалыптастырып қазақ театрына бару, ұлттық өнер мен сусындау тәлімін беру жолындағы шараларды ұйымдастыру;
  • үздік өнер туындылары,қолөнер шебері, үздік фотомерген және өнер тапқыш сияқты көрмелер ұйымдастыру;
  • психология кеңесін ұйымдастыру;
  • Салауатты өмір салты
  • Техникалық және кәсіптік оқу орнында дене-тәрбиесі пәнін жетілдіру, жаңа әдіс -тәсіл, формаларын ойластыру, оларды нақты іс-жүзінде ендіру;
  • әртүрлі спорт түрлерін дамыта отырып( ұлттық спрттық ойын түрлерімен қоса),үйірмелер құру, спорт жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру;
  • ұлттық спорт және ойын түрлерімен таныстыру,  оның мәнін, ұлттық маңыздылығын ұғындыру, элементтерін үйрету;
  • серуен, саяхаттар ұйымдастыру, туризмді дамыту;
  • салауатты өмір сүруге даярлау мақсатында әртүрлі формада тәлім-тәрбиелік іс-шаралар өткізу;
  • тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі- маскүнемдікке, нашақорлыққа жол бермеуге арналған іс-шараларды кешенді түрде жүргізу;
  • Эстетикалық тәрбие
  • Білім алушылардың нәр-бойында эстетикалық талғам, көзқарас сезімдерін қалыптастыру;парасатты өзіне жолдас, дос таңдай білу;
  • әсемдікті көре,түсіне, жасай білуге, талғампаздыққа үйрету;
  • өнер,табиғат, еңбек, өмір саласындағы ең жақсыны ажырата білуге үйрету;
  • әуесқой шығармашылық үйірмелері мен бірлестіктерін құру, олардың жүйелі,нәтижелі жұмыс істеуіне жағдайлар жасау;
  • мәдени мұра атауын жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік, рухани,құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу;
  • медициналық-профилактикалық жұмыстар жүйесін еңгізу;
  • әр-түрлі жұқпалы аурулардан алдын-ала студенттерді өзін-өзі сақтандыруға тәрбиелеу;
Экологиялық тәрбие
  • Халқымыздың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын,бір тал кессең,он тал ек» - деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, қоршаған ортаны табиғатқа- деген құрмет пен сүйіспеншілікті ояту, табиғатты аялау, күтуді үйрету;
  • жер бетіндегі халықтар тағдырының ортақ екендігін, табиғат пен адамның өзара байланыста екендігін, осының негізінде табиғатты, табиғи ресурстарды қорғауға дағдылану қажеттігін ұғындыру;
  • экологиялық білім беру және насихаттау;

Ұлттық-рухани және патриоттық тәрбие

  • «Сегіз қырлы,бір сырлы», егеменді елдің азаматын тәрбиелеу;
  • ұлттық мәдениетті, әдепті жастар арасында қалыптастыру;
  • бойжеткен, боз-бала тәрбиесіндегі ерекшеліктердің негізінде тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру;
  • ұлттың тарихын, әдебиетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына тартып үйренуге тәрбиелеу;
  • ұрпаққа отандық ерліктің өшпес үлгілерін қалдырған батырлары мен Алаштың арыстарының, ұлт зиялыларының өмір өнегесімен таныстыру
  • өз отанын, жерін, елін қорғай алатын ел жанды, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;
  • «Ер намысы», «Жігіт сұлтаны»- деген тақырыптарда байқаулар өткізу;
  • дінтану аясында тәрбиелік мәні бар,іс-шаралар ұйымдастыру;

Құқықтық тәрбие

  • Мемлекет заңдарын білу және оған сый құрметпен қарау;
  • Қазақстан Республикасының Коституциясын;
  • Құқық қорғау органдарының тұжырымдары мен заң ережелерін бұзушылыққа төзбестік білдіруге;
  • Азаматтық жауапкершілікті күшейту;
  • Заң,сот,полиция,прокуратура өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;