Студенттерге

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ, ЖАТАҚХАНА ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ СҰРАҚТАР

 

Құрметті студенттер!

 

2020 жылғы 16 наурыздан бастап біз белгісіз мерзімге қашықтықтан оқыту формасына өтеміз. Сізге ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ ғимаратына келу міндетті емес, себебі ендігі кезекте сабақ барысы онлайн форматта жалғасады. 

ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ студенттеріне олардың орналасқан жеріне қарамастан «Білім беруге арналған platonus және ZOOM, электронды пошта, телеграмм ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен білім алуға мүмкіндік береміз. Барлық оқу материалдары мен апталық тапсырмалар жарияланған. 

ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ жатақханаларында немесе жалдамалы пәтерде тұрып жатқан еліміздің өзге аймақтарынан келген және шетелдік студенттерге мүмкіндігі болған жағдайда өз үйлеріне қайтуға рұқсат етіледі.

2020 жылғы 18 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай енгізілуіне және сақтық шараларын сақтауға байланысты:

 

  1. Қауіпсіздік қызметінің көмегімен колледж немесе жатақхана территориясына кірерде жылу өлшегіш құралдар арқылы дене қызуы өлшенеді;
  2. Жатақханада қалған барлық студенттер карантин режимін ұстанады;
  3. Жатақханаға кіру тек сағат 22.00-ге дейін мүмкін болады;
  4. Жатақханадан шығуға азық-түлік дүкені мен дәріханаға баратын жағдайда ғана рұқсат етіледі;
  5. Қауіпсіздік қызметінің орнында жатақханадан кіріс-шығысты белгілеуге арналған тіркеу журналы қызмет істейді. Одан бөлек, жатақханадан тыс жерлерде 1 сағаттан артық уақыт қалмауды ұсынамыз.
  6. Бөтен адамдарға жатақханаға кіруге рұқсат жоқ.
  7. Жатақхана территориясында спорттық немесе өзге де іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынған. Спорттық алаң қызмет істемейді.
  1. Сонымен қатар, елде орын алған төтенше жағдай кезінде азық-түлікпен байланысты емес барлық сауда орталықтарының қызметі тоқтатылған. Кинотеатрлар, театрлар, түнгі клубтар, спорттық залдар, көрмелер және т.б. жабық.

 

ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ студенті мәселенің ауқымын сезіне отырып, тапсырмаларды өз бетімен орындау барысында жауапкершілікті сезінуі керек.

 

ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ студенттері онлайн оқу барысында мыналарды орындауы қажет:

 

- онлайн-лекциялар, видеолекциялар, онлайн-курстар көмегімен оқытушылармен күнделікті байланыста болу;

- тапсырмаларды күнделікті өз бетімен орындап, оқытушыларға жіберіп отыру;

- Декандар мен деканат өкілдерімен тұрақты түрде байланыста болу, мобильді телефондарды қосулы ұстау!

- академиялық адалдық ережесін ұстану;

- деканаттар мен Тіркеу кеңсесі онлайн сабақтарды өткізу мен студенттердің тапсырмаларды орындау белсенділігіне күнделікті мониторинг жүргізеді.

 

Сізден короновирустік инфекцияның алдын-алу шараларын қатаң сақтауды;

 

- адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды;

- қол алысу, құшақтасу, сүйісу секілді физикалық қарым-қатынастан бас тартуды;

- Қазақстан Республикасы территориясында қалуды; 

- Қазақстан Республикасы бойынша ішкі сапарларды шектеуді; 

- суық тию немесе тұмаурату белгілері байқалған жағдайда (дене температурасының көтерілуі, мұрын бітелу, жөтел қысу) тұрғылықты мекенжай бойынша жедел түрде дәрігерге  қаралуды сұраймыз.

Аталған шаралардың енгізілуіне түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз!
VKontakte
powered by social2s