ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерге коронавируске байланысты орын алған жаһандық ахуал бойынша хабарлама жасаймын.

Қазіргі жағдай біздің барша ұжымымыздан бірлікті, жауапкершілікті және ұйымдасқан топтық жұмысты талап етеді.

 

 Біздің басымдықтарымыз:

 

  • Білім беру үдерісінің үздіксіз жалғасуы мақсатында білім алушыларға қажетті жағдай жасау;
  • Білім алушылар, оқытушылар және университет қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 

Жетісай медициналық колледжі әкімшілігі туындауы мүмкін сұрақтардың алдын алу бойынша уәкілетті орган және де жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып  қызмет атқарады. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Университет еліміздің басқа да жоғары оқу орындары секілді білім берудің онлайн форматына өтеді. Бұл ретте, ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ Platonus платформаларының техникалық мүмкіндіктерімен қамтылған. Университеттің көпжылдық жұмыс тәжірибесі, білім базасы және дағдылары бізге үздіксіз білім беру үдерісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Студенттермен тұрақты түрде байланыста болу біз үшін өте маңызды. 

 

Осы қиын кезеңде мен әрбір оқытушыны, Жетісай медициналық колледжі қызметкерін, бірінші кезектегі міндеттерді шешуге, ережелер мен сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын.

 

Біздің колледждің басты құндылықтарының бірі - сапалы білім беру және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау.

 

Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін.

Сіздердің тараптарыңыздан түсіністік пен қолдау күтемін!

 

Бүгінгі күнгі жағдай:

 

  1. Жетісай медициналық колледжі үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында Жетел штаб құрылды (кризистік жағдай кезіндегі басқару тобы).
  2. Барлық жиналыстар мен талқылаулар, кездесулер телефондық және видео-конференц-байланыс тәсіліне аударылды.
  3. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап Жетісай медициналық колледжі барлық құрылымдық бөлімшелері электронды құжат алмасуға ауысты.
  4. 19 наурыздан бастап Жетісай медициналық колледжі барлық қызметкерлері қашықтықтан қызмет етуге көшті..
  5. COVID-19  коронавирус жұқпалы ауруына қатысты жаһандық және ел ішіндегі жаңалықтардан,  күнделікті шұғыл ақпараттардан хабардар болу мақсатында қызметкерлер арасында университетішілік байланыс орнатылған (WhatsApp топтары).

 

VKontakte
powered by social2s