COVID-19

COVID-19

 

COVID-19 коронавирустік жұқпасы – бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа коронавирустен туындаған жұқпалы ауру.

Аталған вирустың әсері жөтел, қызу көтерілу, күрделі жағдайларда өкпе қабынуы секілді белгілерімен респираторлық тұмау ауруларының дамуына әкеледі.

 

ІНДЕТТІҢ ТАРАЛУЫ

 

Жаңа коронавирус ең алдымен індетті жұқтырған адаммен жақын байланыс орнату, яғни, келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ сілекей тамшылары арқылы тарайды. 

 

КОРОНАВИРУСТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ?

 

Коронавирус адамның өкпе жолдарын зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, жөтелу, тыныс алудың қиындауынан басталады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, аурудың белгілері шамамен 5 күннен кейін біліне бастайды. Кей адамдарда бұл кезең одан ұзақ болуы мүмкін.

БДҰ мәлімдемесі бойынша, инкубациялық кезең 14 күнге дейін созылады. Өзге де дәрігерлердің анықтамасы бойынша бұл кезең 24 күнге дейін созылуы мүмкін.

 

КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ ҚАЖЕТ?

 

  • Қолды өте жиі 20 секунд бойы сабындап жуу (микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі);
  • Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;
  • Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың "кіріс қақпасы" саналады;
  • Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;
  • Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, тойлар мен  жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
  • Адамдармен қол алыспай, қашықтықтан амандасқан жөн;
  • Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;
  • Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;
  • Қолма-қол ақшадан бас тартып, төлемді мүмкіндігінше банк картасы арқылы жасаңыз;
  • Бөлмені жиі желдетіңіз;
  • Табиғат пен фермалардағы жануарлардан аулақ жүріңіз;
  • Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни, шала піскен күйінде тұтынбаңыз;
  • Температура көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;
  • Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.

 

СТУДЕНТТЕР, ПРОФЕССОРЛЫ-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында 2020 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қаулысына сәйкес, еліміздің барлық аумағында 2020 жылғы 16  наурыздағы 08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.

ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді.

Азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында өңірлік штаб жетекшісі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен 30  наурыздан бастап 5 сәуірге дейін қалада күшейтілген карантин тәртібі орнатылды.

Қосымша шектеу шаралары төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік комиссия шешімін  жүзеге асыру мақсатында орындалды.

 

Жетісай медициналық колледж басшылығы әлем бойынша, сондай-ақ, елімізде қалыптасқан жағдайды мұқият бақылауда және студенттер, оқытушылар және қызметкерлердің денсаулығы біздің ең басты басымдық болып табылады.

 

Жетісай медициналық колледж сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету мен коронавирустік инфекцияның таралуын болдырмау бойынша барлық шараларды қабылдауда. 

 

Сізден сабырлық танытуды және оқу тәртібін сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар, бұл кезеңде үрейге бой алдырмау және арандатушылыққа жол бермеу өте маңызды. Өзіңіз бен өз жақындарыңызға қамқорлық танытыңыз!

 

Ұсыныстар мен шектеулер:

 

  1. Барлық қызметкерлер мен білім алушыларға колледждің территориясына кірерде міндетті түрде:

 

  • қолыңызды антисептикпен жиі тазалап тұрыңыз;
  • қорғаныс құралдарын қолдану (медициналық бетперделер);
  • колледж территориясына кірерде жылу өлшегіш құралдар арқылы дене қызуын өлшеу;
  • адам көп жиналатын қоғамдық орындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;
  • қол алысып амандасу, сүйісу, құшақтасу секілді физикалық байланыстан бас тартыңыз.

 

  1. Тұмау, дене қызуының көтерілуі секілді белгілер байқалған жағдайда барлық қызметкерлер мен білім алушылардан:

 

- үйде қалып, жедел медициналық көмекке 103 жүгінуіңізді;

- ауырған жағдайда Колледждің басшылығыңызға хабарлауыңызды сұраймыз.

 

 

VKontakte
powered by social2s